Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады
Алматыда отшашудың кесірінен 3 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Исабеков хабарлады.
Деректер бойынша, Алматыда 24 адам отшашудан зардап шеккен, оның 13-і балалар.
“3 адам ауруханаға түсті. Ересек адам “көз қабығының контузиясы” диагнозымен қалалық аурухаанааға жатқызылды. 2 бала төтенше жағдайлардың алдын алу орталығына жатқызылды. Бір бала – травматикалық жұмсақ тері жарақаты, екінші балады – көз қабығы күйген”, – деді Исабеков.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жаағдайы қанағаттанарлықтай. Олар емделуде. Басқа да медициналық көмекке жүгінгендер ауруханаға жатқызатындай жарақаты жоқ болғандықтан емханаға бағытталды.
Тағы оқыңыз:
Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді
11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды
Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі
Жаңа жылдан бастап Қазақстанның төрт облысында газ қымбаттады