Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәріз құдығына құлап, мерт болған әйелдің кім екені анықталуда

Алматыда 16 тамызға қараған түні  әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды.

20160817131711
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлаған.

«Алматыда 16 тамызға қараған түні Әуезов ауданында, Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында бір әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір ішкі істер органдары әйелдің аты-жөнін анықтап жатыр.

Бұл құдық «Алматы Су холдингі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі емес. Сондықтан қазір оның қай ұйымға тиесілі екендігі де анықталу үстінде. Негізі қалада қараусыз қалған инженерлік құрылымдар баршылық. Сол үшін құдықтың қай ұйымға тиесілі екендігін анықтауға уақыт керек», – деді Алматы қаласының жылуэнергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин.

Жіберіп алмаңыз: 

Екібастұз тұрғыны ашық кәріз құдығына құлағаны үшін 500 мың теңге өндіріп алды

Астанада полицей кәріз құдығына құлаған 4 жасар баланы құтқарды

Оралда газға тұншыққан екі кәріз тазалаушы кенеттен қайтыс болды

Талқылау