Астанада полицей кәріз құдығына құлаған 4 жасар баланы құтқарды
Астаналық полицей, «Сарыарқа» ІІБ жанындағы аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полицияның аға лейтенанты Жаннат Набиуллин кәріздік құдыққа құлап кеткен 4 жасар баланы құтқарды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет progorod33.ru
25 сәуірде шамамен сағат 15.40 Күмісбеков көшесімен кетіп бара жатқан тергеуші Жаннат Набиуллин көмек сұраған айқайды естіген. Сол жерге жақындап келген ол кәріздік жүйеге түсіп кеткен егде жастағы ер адам мен баланы көреді. Бұл күні атасы мен немересі көшеге серуенге шыққан. Ойнап жүрген бала ашық кәріздік құдыққа құлап түскен. Немересін құтқармақ болған атасы да құдыққа түсіп, оның ішінен шыға алмаған.
Жаннат Набиуллин құдыққа түсіп, балақайды көтеріп, оқиға орнына жеткен әріптестеріне берді. Кейін өзге полицейлермен және көшедегі адамдармен 67 жастағы ер адамды алып шықты.
Жедел жәрдем келгенге дейін полиция қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті және оларды жақын жердегі полицияның аудандық бөліміне апарды.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"