Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бесінші қабаттан құлап кеткен жігіттің көршілері оқиға туралы айтып берді (видео)

Алматыда бесінші қабаттан құлап кеткен жігіттің еш жері сынып, зардап шекпей аман қалды.

кк

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Таңғы 5-те құлап кеткен жігітті тек видеобақылау камерасы мен кафе күзетшілері ғана көрген. Бесінші қабаттан құлдилаған жігіт кафе шатырына келіп түскен. Көршілері болса жігіт кезекті көңіл көтеру кешінде ішімдік ішіп, құлап кеткен дейді.

“Диястың жасы 17-18-дерде, ол өзі жалғыз тұрады. Ал ата-анасы бөлек жер үйде. Ол достарымен жиі жиналып тойлатады. Ол күні жігіт ішімдікке мас болып, кездейсоқ құлап кеткен болуы керек. Абырой болғанда төменде шатырға құлап, аман қалды. Ол қазір жүре алады, денсаулығы жақсы, “- деді жігіттің көршісі.

Алайда аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары ешқандай іс қозғамады. Кафе күзетшілері тіпті жедел жәрдем де шақырмапты.

“Сірә, бала ата-анасынан қорқып, істі жауып тастағысы келсе керек. Болмаса оның бесінші қабаттан құлағанын әлеуметтік желі арқылы бәріміз көрдік. Дияс өзі жіңішке әрі ұзын жігіт. Достары көп. Бірақ, қайткен күнде де мұны тексеріссіз қалдырмау керек. Ал мүмкін ол бұл қадамға суицид жасағысы келіп барса ше? Мұндай жағдайлардың алдын алу керек деп ойлаймын”, – дейді ер адам.

Талқылау