Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па? (фото)

Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ! 2017 жылды сүйіктісін іздеумен өткізген Ерке Есмахан ит жылының басында оны тапқан ұқсайды. Желіде Ерке Есмахан мен актер Әли Байжұматтың бірге түскен суреттері көрген жұрт осылай деп топшылады, деп жазады Stan.kz.

Естеріңізде болса, Әли мен Еркенің тойға бірге барғанын, сондай-ақ, бір-біріне махаббат сезімін білдіретін “белгілер” қалдырғанын жазған едік.

Бұл сөзімізді Әли Байжұматтың өзі растай түскендей. Себебі ол кеше instastories-де белгісіз арумен қол ұстасып отырған суретін жариялады.

Дәл осы сәтте Ерке Есмахан жаңадан алған сағатын көрсетіп мақтанды. Аңғарымпаз тыңдармандар Әлидің жанында отырған қызды Ерке деп топшылады. Себебі суреттегі қыз дәл Еркенікіндей сағат және білезік тағып алған.

Алайда бұл танымалдылықты арттыру мақсатында жасалған кезекті пиар болуы мүмкін екенін де жасырмаймыз.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш 5 жасында пианино тартқан сәтін жариялап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Белгілі күйші Мұрагер Сауранбаев шаңырақ көтерді (фото, видео)

Әнші Мұқасан Шахзадаев төртінші рет әке атанды

Ең талантты әрі сұлу әнші: Қазақстандық қыз Ресейді мойындатты

 

 

Талқылау