Алматыда баласын көлігінің жүксалғышына салып тасыған жүргізуші жазаланды
Алматыда баласын көліктің жүксалғышында тасымалдаған жүргізушіге айыппұл салынды.
Бұған дейін жүргізушінің баласын«Фольксваген» маркалы автокөліктің жүксалғышына салып тасып жүргенін хабарлаған едік. Полицейлер жүргізушіні тауып, оған айыппұл салды.
«Әке-шешесінің осындай әрекетінен көбіне баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп жатады. Көпшілігінің жол қауіпсіздігі ережесін түсінбейтіндігі, оны сақтамайтындығы өкінішті. Айта кетейік, бұл оқиға бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Бұл жолы, бейнематериал әлеуметтік желіде жарық көргеннен кейін жергілікті полиция қызметі тексеру шарасын жүргізіп, жүргізушіні анықтады. Жол ежересі талабын не үшін бұзғанын жүргізушінің өзі түсіндіре алмады», – дейді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Тағы да оқыңыз:
АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген
Астаналық төртемнің анасы олардың суретін көрсетіп, қызықтарын айтып берді
Бұрынғы судья көлікте жас баламен жыныстық қатынаспен айналысқан жерінен ұсталды