Алматыда автобус жүргізушісін жолда ұрып кетті (видео)
Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік жолға таласып, жүргізушілер арасында жанжал шықты. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.
Видеода Nissan көлігінің иесі автобус жүргізушісінің жағасынан алып, жағынан ұрып жібергенін көруге болады. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік рұқсат етілмеген жерден бұрылмақ болған.
Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айтылады.
“Автобуспен келе жатыр едік, мына жеңіл көліктің кесірінен жол апатына түсіп қала жаздадық. Ол аздай жанжал шығарды. Әліге дейін қол-аяғым дірілдеп отыр. Неғылған жүргізушілер бұлар?! Автобустарға арналған жол ғой! Ол жерде ешқандай бұрылыс болған жоқ! Ал автобус жүргізушісі өзі әкеле жатқан жолаушыларға жауапты! Біз ұшып түскенде, ол қорқып қалды”, — деп жазды ол.
Тағы оқыңыз:
Марафонда дәретханаға тығылып чемпион атанған спортшы спорттан қуылды
Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр
Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды