Алматыда адасып қалған 4 жасар бүлдіршіннің анасы табылды
4 жасар Аружанның анасы Алматы Жетісу ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Әйелдің айтуынша, екі қызымен емханаға барған. Сосын үлкен қызымен мекеме ішіне кірген, сол сәтте Аружанның жоқ болып кеткенін байқамай қалған. Әйел оны жоғалды деп ойламаған. Бастапқыда өзі іздеп табуға тырысқан, содан кейін «112» пультіне хабарласқан. Жедел басқару орталығының операторларында ол кезде мамандандырылған батальон экипажы қызды тауып алғаны жайлы ақпарат болған. Сондықтан бірден оны Алматы ауданы ІІБ-ға жіберген. Баланың анасының жылдам табылғаны жақсы болды. Қазір бала анасымен қауышты», – деп мәлімдеді Жергілікті полиция қызметінің ювенальдық полиция бөлімінің бастығы Лейлә Әліпбаева.
Лейла Әліпбаева әйел мен оның отбасы ауқатты екенін атап өтті.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі