Алматыда 23 жастағы әйел дәрігерге кетіп, үйіне оралмаған
Алматыда 23 жастағы әйел екі апта бұрын дәрігердің қабылдауына шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Ол содан бері туыстарына бір рет байланысқа шыққан. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Анастасия Букова хабарласқанында жұмысқа тұрғанын айтып, қай жерде екенін айтып үлгермеген. Туыстарының ойынша, оны біреулер күштеп ұстап отыр.
4 жасар Леша мен 3 жасар Дашаның аналарын көрмегеніне екі апта уақыт өтті.
20 қаңтарда Анастасия дәрігерге баратынын айтып әпкесінен балаларын қарай тұруын өтінген. Содан бері оны ешкім көрмеген.
Балалар аналарын жұмысқа кетті деп ойлап жүр. Алайда, оның қаайда жүргенін ешкім де білмейді. Анастасияның телефоны өшірулі тұр.
«Балалар сағынды. Анасын күтіп жүр. Әсіресе ұйықтар уақытта. «Ана» деп жылайды. Не істейтінімді білмеймін. Барлығына хабарластық, ешкім білмейді», – дейді әпкесі Наталья Юшкова.
Анастасия Букованы аудандық ауруханадан бастап іздеген. Ол жоғалған күні сонда кеткен. Бірақ, дәрігерге бармағаны белгілі болды.
Туыстарының айтуынша, әйелдің жолда жұмсайтын ақшасы да болмаған, сондықтан, өздігінен кете алмайды.
Жоғалғаннан екі күннен кейін күйеуіне хабарласқан. Ол қысқа әңімесінде жұмысқа тұрғанын, жақында үйге қайтатынын айтты. Бірақ, қайда жүргенін айта алмаған.
«Ол звондап, айтты: бәрі жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жүрмін. Басында қалада, кейін Қапшағайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Сосын «болды мен кеттім, бастық күтіп қалды» деп телефон ды тастап жіберді», – дейді күйеуі Сергей Буков.
Сергейдің айтуынша, әйелі бұрын мұндай қылық көрсетпеген. Салмақты, тыныш Настя балаларын бұлай ұзақ уақытқа тастап көрмеген.
«Оны біреулер күштеп ұстап жатыр. Мұны 4 әйел растады. Ол мейрамханадаа жұмыс істегенде де 100 рет звондап, балалардың жағдайын сұрап тұратын. Ол балаларын жақсы көреді. Настя үйге қайтшы», -дейді күйеуі.
Қазіргі уақытта Анастасия Букованы құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестіріп жатыр.
Тағы оқыңыз:
Астанадағы ең биік ғимарат құрылысшылары наразылыққа шықты
Қарағанды облысында үйі өртеніп кеткен отбасы жерлерінен айырылуы мүмкін
ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды
ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен