Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды

ОҚО-да белгісіз дертке шалдыққан 10 жасар Лаура Сағатова шет елге барып емделуі мүмкін. Дәрігерлер нақты диагноз қоя алмаған ауыр хәлдегі қызға мәжіліс депутаты, балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева көмектесетін болды.

Бұл туралы TVK хабарлады.

Деутаттың өтінішімен қыздан генетикалық талдау алынатын болды. Осы зерттеуден кейін нақты емдеу шаралары белгілі болады.

Айта кетйік, жалғыз басты ана екі қыз тәрбиелеп отырғанын, оның бірі 5 жылдан бері түсініксіз ауырмен ауыратынын және қыздың жағдайы күннен-күнге нашарлап, салмағы 11 келіге жеткенін жазған едік.

10 жасар қыздың хәлі әлі өзгеріссіз. Салмағы 11 келі. Ол жүре алмайды, отыруының өзі қиындап бара жатыр. Тамаққа тәбеті күн өткен сайын нашарлаған. Әзірше Ташкент дәрігерлері қойған диагнозы генетикалық ауру – митохондриалы энцефаломиопатия.

«Ол 5 жасынан бастап ауырады. Қызым жүре алмайды, өздігінен дәретханаға да бара алмайды, тәбеті жоқ. Күзде Астанадағы ана мен бала орталығында емделдік, бірақ еш нәтиже болмады. Кейін қытайлық мамандар дәрілік шөп жазып берді. Содан қыздың жағдайы кішкене де болса жақсара бастаған болды», – дейді Лаураның анасы Айнагүл Елтаева.

«Мен қызға диагноз қоя алмаймын. Ол стационарда жатқанда ешкім де қоя алмаған. Науқасқа қайтадан күрделі диагностикалық тексеруден өту керек. Мүмкін оған шетелде емделу квотасын беру керек шығар. Себебі, ол Қазақстанда барлық мүмкіндікті жасап көрді», – дейді дәрігер- невропатолог Бақыт Мырзалиева.

Шымкент әкімшілігі Елтаевтар отбасы пәтерінің ақшасын төлеп, балалар тоңып қалмасын деп өз қаражаттарымен жылуын да қамтамасыз етіп отыр. Астанадан да демеушілер табыла кетті. 10 жасар қызды шетелде емдеу мүмкіндігі туатын болды.

«Денсаулық сақтау министрлігіне хабарладым. Әлі жауап келген жоқ. Бұдан түк шықпайтынын біліп министр Біртанов мырзаға «Спутник» арқылы шықтым. Нәтиже жоқ. Шымкенттік дәрігерлерден ештеңе күтпейміз. Сосын балалар құқығын қорғап жүрген депутат Балиева Зағипа Яхяновамен байланыстым. Оған бала туралы айтып бердім, видео, суреттерін жіберіп, хат жаздым. Сөйтіп Балиева көмектесетін болды», – дейді ерікті Анаргүл.

Генетикалық зерттеу нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болады. Содан кейін квота мәселесі шешіледі.

Тағы оқыңыз:

ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен

Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді

Оралда түрмедегі жазасын өтеуші асылып қалды

Ақтөбе облысында ата-аналары орамал тағатын оқушыларды Ресейде ақылы түрде оқытпақ

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр