Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктіні қолға түсірді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

“8 қазан күні Алматы облысы, Талғар ауданының 1984 жылы туған тұрғыны адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Криминалдық полиция Медеу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге өз уақытында күдіктіні ұстау шараларын ұйымдастырып, деректер базасын жинақтаған болатын. ҚР ҚК 128 бабы негізінде күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Зиадиннің айтуынша, сол күні қызды жеке көлігімен тасып, жолда оған тиісіп, тұншықтырған. Қылмысты жасыру үшін қыздың денесін зираттардың жанына тастап кетеді. Адам өлімі фактісі бойынша сот алды тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған. Оның өлі денесінің табылғаны туралы тек 6 қыркүйекте ғана белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Министр: Азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды

Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Ішіне жын кірген: Тойда “жын ұрғандай” билеген әйелдің ерсі әрекеті елді шошытты (видео)

Талқылау