Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 12 жасар бала жан түршігерлік өлімге душар болды

Алматыда қайғылы оқиға. Он екі жасар бала бетоннан тұрғызылған дуалдың құлаған бөлшегінің астында қалды. Ондаған килограмм салмақты құрайтын қоршаудың бөлігі жеткіншекті басып қалған уақытта Никита Мамонтов педагогикалық колледж маңында достарымен ойнап жүрген. Алтыншы сынып оқушысы оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (133)

Қайғылы оқиға орын алған дуал маңы таспамен қоршауға алынған.  Бұл маңға жақындау да қауіпті. Десе де мұны не себепті енді ғана мойындап отырғандары белгісіз. Бірнеше жері тесіліп, қирап тұрған қоршауға бұған дейін де адамдардың жақындауға дәті жетпеген сыңайлы.

«Бұл жерде балалар уақытша ойнай алмайтындай етіп қалай қоршау керектігін ойлаудамыз. Себебі қоршау бұзылуы тиіс. Ол жайлы мәселе көтерілген», – дейді жұмысшы Кирилл Крылов.

Снимок экрана (133)

Никита Мамонтов білім алған алматылық №60 мектепте бүгін қаралы күн. Мектеп кіреберісіне оқушының суреті мен гүлдер қойылған. Болған оқиғаға Никитаның мұғалімдері мен сыныптастары әлі де сене алар емес. Отбасындағы жалғыз бала болған ол анасы мен әжесінің көңілін қалдырмауға тырысып, сабағын төрт пен беске оқып, өзін тәртіпті ұстаған.

«Бұл есеңгіретерлік жағдай. Мұндай оқиға орын аларына сену де қиын. Бәрінен бұрын, ол әлі кішкентай бала. Айтқанды тыңдамайтын, түрлі оқиғаларға тап болып жүретін балалар болады, әрине. Бірақ Никита олардың қатарынан емес еді. Оған қашан да сенім артуға болатын», -дейді сынып жетекшісі Татьяна Наумова.

«Былтыр мамыр мен тамыз айларының аралағында колледжде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның барысында ғимаратқа түгелдей жөндеу жүргізіліп, қоршау ауыстырылған. Жөндеу жұмыстарына тапсырыс берген білім басқармасы болып табылады. Сондықтан тергеу жұмыстарының барысында оқиғаның жай-жапсары анықталмақ», – дейді №2 мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры Бибі Дуанабаева.

Оқу орны директоры балалардың ойнап жүріп дуалды әрлі-берлі итергенін айтады. Алайда Никитаның достары көз алдарында қоршаудың өздігінен құлағанын алға тартады. Қазіргі уақытта оқиғаның анығын полиция анықтау үстінде. Дегенмен, қоршау 13 жасар балалардың итергені салдарынан құлаған күннің өзінде, оның техникалық талаптарға жауап бермейтіндігі анық.

Талқылау