Алматы тұрғыны балаларды өлімге итермелеген “Синий кит” тобының жетекшісін ұстап берді
“Қоғамдық қауіпсіздің кеңесі” жетекшісі Ислам Угушев әлеуметтік желідегі парақшасында жасөспірімдерді өлімге итермелейтін “Синий кит” тобының жетекшісін әшкерелегенін мәлімдеді.
“Ол оқиға 2017 жылы 9 ақпанда болды. Ұйым қызметкерінің көзіне Синий кит тобы түседі. Біз оны бұғаттап, топты құрушыларды тапқымыз келді. Бізді көп күттірместен топ әкімшісі хабарласып, тапсырмалардың тізімін жіберді. Осыдан соң ең қызығы басталды”, – деп жазады Угушев.
Бұзық ойлы топ құрушысы желідегі парақшасына Skype мекен-жайын, телефон нөмірін, орналасқан жерін (Семей) және Youtube каналын қалдырған.
Ақырында белсенділер ойын тобының құрушысы шынында да рас және қауіпті ойын тапсырмаларын расында таратып отырғандығын дәлелдейтін айғақтарды табады.
Ал жас жігіт өзін ұстап алғандығын сезген кезде, желіден шығып кетеді. Алайда ол туралы барлық мәлімет полицияға беріледі.
“Достар, сіздердің туыстарыңызды өліммен қорқытып отырғандар бар болғаны кішкентай, ақымақ, тәрбиесіз балалар. Барлық жасалған скриншоттарды қарап шықсаңыз бәрі түсінікті болады”, – деп жазады Угушев.
Оқи отырыңыз:
Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін
Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін
Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)
Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды