Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы Универсиадаға билет сатып жүрген алып-сатарларды ұстап жатыр

Алматы полициясы қала тұрғындары мен Универсиадаға келген қонақтарды алып-сатарлардан спорт жарыстарына блет сатып алмауға шақырады.

1491761

Фото: ©Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Алматы полициясы Универсиада жарыстарына билет сатып жүрген саудагерлерді ұстады, деп хабарлады сейсенбіде Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бостандық ауданына қарасты ІІБ қызметкерлері Орталық стадионы маңынан  төрт алып сатушы ұстаған. Олардың қолында шамамен 80-ге жуық билет болған. Тағы бір ер адам “Халық Арена” алдынан 42 билетпен ұсталды. Ол Медеу аудандық полиция бөлімшесміне жеткізілді. “Осыдан ары қарай іс материалдары Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі, олар осы мәселе бойынша нақты бір процессуалдық шешім шығаратын болады. Алдын ала, оларға қатысты іс “заңсыз кәсіпкерлік” бабымен жүргізіледі”, — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан қолдан билет алмауды сұрайды. “Тұрғындар мен қонақтарды тек ресми жарыс дереккөздерінен, кассалардан, онлайн кассалардан билет алуға шақырамыз. Қолдан алынған билеттер жалған болуы мүмкін”, — деді Алматы ІІД-нің өкілі. Барлық анықталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Универсиада-2017: Ойындардың толық кестесі

Универсиада-2017: Қазақстан спортшылары күміс пен қола еншіледі

Ел қоржыны Универсиада ойындарының тағы бір қоласымен толықты

Талқылау