Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр
Желіде полицей формасын киген ер адамның көлікте отырып сыртқа қарай дәрет сындырған суреті жедел таралып кетті.
Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.
Суретте көрінгендей, Nissan Primera маркалы көліктің артқы орындығында отырған ер адам дәрет сындыруда. Көлік нөміріне мән берсек, оқиғаның Алматы қаласы немесе Алматы облысында болғанын аңғару қиын емес.
Қазіргі таңда Алматы полициясы аталмыш жағдайды бақылауға алып, тәртіп сақшысын іздестіріп жатыр. Олар сурет авторының жедел түрде өздерімен байланысқа шығуын өтінеді. Бұл ретте, +7 727 254 45 10, +7 727 254 40 05 (қаланың кезекші бөлімі) нөмірлеріне немесе қаладағы жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкеновпен (+7 747 704 04 53) тікелей байланысқа шығуға болады.
Оқи отырыңыздар:
Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты
Аудан әкімін дастархан басында отырған кәсіпкер басынан бөтелкемен ұрған