Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны 13 жыл отасқан әйелін жұмысына барып аяусыз пышақтап өлтірді

Жантүршігерлік оқиға. Алматы облысында бір азамат 13 жыл бойы отасқан әйелін жұмысына барып, бірнеше жерінен пышақтап өлтірген.

774003_900

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

33 жасында үзілген Жанар Насырованың денесін бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ал күдіктіні полицейлер қылмыс болған күні ұстаған. Марқұмның жақындары орны толмас қазаға ұшыратқан адамға жазаның ең ауырын сұрап отыр. Оқиғаның жай-жапсарын Манас Қайыртай біліп көрген еді.

Қылмыстық оқиға “Асыл арман” тұрғын үй кешеніндегі дәріхана ішінде болған. 19 ақпан күні кешке қарай Жанар Насырова жұмыста отырған кезде күйеуі суыт келіп, сарт та сұрт пышақ жұмсаған. Ал қазір дәріхана тергеуге байланысты ма, әйтеуір, уақытша жабық тұр.

Дәріхана әкімшілігі оқиғаның бейнежазбасын тергеушілерге берген екен. Жанар Насырова соңғы бір айда ажырасуға арыз беріп, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында анасымен бірге тұрып жатыпты. Себебі күйеуі Азамат Құлымбетов Ұзынағаштағы үйлерін өз қолымен өртеп жіберіпті. Туыстары марқұмның жұбайынан көрмеген қорлығы жоқ, соңғы уақыттары ұрып-соғу шегіне жеткен еді дейді.

“Үйіне апарып, қылқындырып мұны, осы жерге өлім аузында келді. Сол күні келдім. Қайын сіңлім маған звондады, Жанар өлгелі жатыр деді. Келсем, дауысы шықпайды қыздың. Кеңірдегі қып-қызыл, езген ғой”, – дейді марқұмның туысы Нұрғайша Малдыбаева.

Содан кейін күш көрсеткіш күйеу баланың үстінен арыз жазылған. Аудандық полиция еш шара қолданбады деп ашынады көпшілік. Арада апта өтпей, қызының жансыз денесін құшақтап анасы, аңырап екі баласы қалды.

Туыстарының айтуынша, мамандығы дәрігер болған күйеу баланың пышақ сұқпаған жері жоқ. Марқұмның жаназасына жиналған қалың ел де, туыстары да қандықол күдіктіні қатаң жазалауды сұрады. Жұбайына екі бала мен анаңды да өлтіремін деп қорқытқан ол айыптан құтылып кетсе, бізді де жайымызға қалдырмайды деп секемденіп отыр. Қазір кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

“Күдікті ретінде Ұзынағаш ауылының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, Қарасай аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзабекова.

Қаза қабырғасына батқан марқұмның анасы екі баланың өз қарауында қалуын тілейді. Ал тілшілер тілдеспекке келгенде күдікті Азамат Құлымбетовтің әке-шешесінің үйі жабық тұрды. Көршілердің бірінің айтуынша, шұғыл Астанаға кетіпті.

Айта кетейік, осыдан 4 ай бұрын Талғар ауданында тағы бір азамат өз әйелін пышақтап өлтіріп, 16 жылға сотталған болатын

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған

Ақмола облысында толғақ қысқан жүкті әйелдер қар құрсауында қалып қойды

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

Балқашта бойжеткенді жігіті мен досы зират басында зорлап, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген (фото)

Талқылау