Алматы облысының екі тұрғыны құлағы мен мұрнына ота жасатамыз деп дәрігерлерден опық жеп отыр
Арнамызға екі бірдей азамат Алматы облыстық ауруханадағы дәрігердің кесірінен көрмегеніміз жоқ деп көмек сұрады. Айтуларынша мұнда бірінің құлағына жүргізілуі тиіс операция тек қағаз жүзінде жасалған.
Ал екіншісі тіпті бір мұрынға үш рет ота жасатып опық жедім деп отыр. Мәселенің мән жайы келесі бейнематериалда, деп хабарлайды 31 арна.
Құлағы іріңдеген Гүлнар Алтынбекқызы мен мұрнына ота жасатпақшы болған Жандос Бауыржанұлы Алматы облыстық көп салалы ауруханасында лор бөлімінің меңгерушісі Марал Танабаевада емделіпті. Екеуі де дәрігердің салғырттығынан сан соғып қалдық дейді.
“2017 жылы 10 мамырда портал ашқыздым. Квотамен құлағыма ота жасату керек болған. Дәрігерге барғанымда Марал Танабаева маған операцияны маусым айында жасаймын деді. Маусымда тағы бардым. Тағы талдау тапсыртты. Бәрін дайындадым. Шілдеге шегерді. Айтқан күні бардым. Дәрігер орын жоқ, демалысқа кетіп барам, қыркүйекте кел деді. Әйтеуір түрлі себептермен маған ота жасалмады. Алайда мен жақында ғана маған осы ауруханада бір жыл бұрын қағаз жүзінде ота жасалып қойғанын білдім. Бірақ құлағымда отаның ізі де жоқ”, – дейді Гүлнәр Алтынбекқызы.
“Бірінші отада ол маған история болезниға төл құжаттарды құлағыма жасадым деп операцияны жазып жіберген. Ол міне бүгін құлағымда операцияның ізі де жоқ. Менің үш операциям да мұрныма жасалған. Екінші операцияда бұл менің мұрын қуысымда мақта томпонын ұмытып кетіп іріңдеуге айналдыртқан. Одан кейін үшінші операцияда бұл менен ақша алып, мұрын қуысына салынатын пластмасса бар деп мұрныма скальпель пластмасының қорапшасын салып жіберген”, – дейді жандос Бауыржанұлы.
Екі іске қатысты қазір тексеру жүріп жатыр. Жұмыс орнында отырған Марал Дәлелханқызы дәл сол тексерудің басы-қасында жүрген адамдай жауап берді.
“Қазір тексеру жүріп жатыр. Нәтижесін мәлімдейміз. Бейсенбі күні жазбаша түрде нәтижесін қолына береді”, – дейді Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасы лор бөлімінің меңгерушісі Марал Танабаева.
Алтынбекқызы құлағындағы іріңнің уақтылы алынбағанынан қорқып, шыбын жаны шырқырап жүр. Бір құлағының естімей қалғаны аздай қаладағы профессорлардың бірі тез арада ота жасалмаса ірің миға шабуы мүмкін екенін ескертіпті.
Жандос пен Гүлнәр тексерілудің ұзақ созылғанынан күдіктенеді. Бұл істе жауапты маман жазадан жалтарып кетпесе екен дейді.
Тағы да оқыңыз:
Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге есім берілді
Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды
Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған екі қыз өзін видеоға түсірген азаматты сотқа берді