Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Үкіметтегілер бүгін бензин бағасына қатысты да уәдені үйіп-төкті. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен, одан тапшылық болмайды дейді Энергетика вице-министрі, деп хабарлайды КТК.

Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, елімізде әлі жанармайдың бір айға жететін қоры бар.

“Жанар жағармай нарығында жағдай тұрақты. Және тапшылығы байқалмайды. Ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанармай қалдықтарының көлемі бір айлық қорды құрайды. Бензин 322 мың тонна, ал дизель отыны 334,8 мың тонна”, – дейді ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өткен аптада жоспарлы жөндеуге жабылған еді. Кәсіпорынның нақты қашан қайта іске қосылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, былтыр күзде Атырау мен Павлодардағы зауыттардың бірінен соң бірі жөндеуге жабылуынан бензин жетіспеушілігі болған. Ол кезде тапшылыққа жол берген Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінін қуылып, министр Қанат Бозымбаев қатаң сөгіс алған болатын. Енді бұл жолы тапшылық болмайды деп уәде еткен жауаптылар сол оқиғадан сабақ алса керек.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған екі қыз өзін видеоға түсірген азаматты сотқа берді

Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған

КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды

Талқылау