Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз куәгер аяқ асты күдікті болып шыға келді

Алматы облысындағы соңы адам өлімімен аятқалған төбелестің басты куәгері аяқ астынан күдікті болып шыға келді. Атыс кезінде жарақат алып, аурухана палатасында жатқан Қахарман Жұманның қолына сол жерде кісен салынған. Ол төбелестен зардап шеккен 3 адамның арасынан жалғыз өзі аман қалған еді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Қахарман Жұман үшін аурухана палатасы аяқ астынан түрмеге айналды. Туыстарының сөзінше, ер адам өткен күнді осындай жағдайда өткізген. Анасының айтуынша, ол сол күні кешке ұлының жағдайын білуге келген. Алайда палатаға кіре алмапты.

«Кеше кешке келдім. Мені кіргізбеді. Себебі палатада оны полицейлер бақылап, қолына кісен салып жатты. Не болып жатқанын сұрадым. Полиция қызметкерлері ештеңе білмейтінін, жоғарыдан бұйрық түскенін айтты», – дейді зардап шеккен ер адамның анасы Мейрамкүл Алпысбаева.

Ал зардап шегушінің қорғаушысы жоғарыдан қандай бұйрық келгенін білмейді екен. Оны басты куәгердің аяқ астынан күдікті болып шыға келгені таңғалдырып отыр. Оның сөзінше, ер адамға ресми түрде ешқандай айып тағылмаған.

«Одан айыпты немесе күдікті ретінде жауап ала бастады. Оның айтуынша, бланк сондай боылпты. Алайда ол құжаттағы статустың басқа екенін бірден байқап, қол қоюдан бас тартқан. бұл мүлдем заңсыз. Ол күдікті ретінде мойындалған жоқ. Куәгер статусы бар. Қолына кісен салуға қандай негіз болды? Оған ешқандай қаулы көрсетілген жоқ», – дейді қорғаушы Елена Ребенчук.

Ал ертесі күні күзет пен ер адамның қолындағы кісен алынған. Ал зардап шеккен үш адамның отбасы жазықтылар жазасыз қала ма деп қорқып, бірігіп әрекет етуді ұйғарған. Олардың сөзінше, балаларына оқ атып, пышақтаған адамдарды жақсы таниды екен. Тіпті есімдерін атап отыр.

«Мұны бәрі біледі. Олар – Олжас Мейірханов, Бақыт Жүнісов. Олжас ұлымды артынан атқан. Алдымен аяғынан, мұнан кейін артынан атыпты. Артынша Қуанышқа оқ атқан. Әмір пышақпен Қуанышқа тап берген. Ол

Туыстарының сөзінше, сол күні достар отбасымен бірге табиғат аясында демалған. Кешке таман қалаға қайтып келіпті. Мұнан кейін полиция майоры Қуаныш және оның достары Ержан  мен Қахарманды үш танысы дәмханаға шақырады. Ер адамдар бір-бірін жақсы таныған. Сол жерде олар сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Оған ер адамдардың бірінің қалжыңы себеп болуы мүмкін.

«Бақыт оларды келемеждей бастады. Сөзбен тиісті. Ержан бүгін мейрам екенін, сондықтан ұрысудың қажеті жоқ екенін айтты. Мұнан кейін олар далаға шықты. Қалған дәмханада отырды. Олар ұзақ жоқ болып кеткендіктен, артынан шықты. Сол кезде олар төбелесіп жатыр екен. Ержан оларды ажыратпақ болды. Бақыт дәретханаға тығылып, күйеу баласы Олжасқа хабарласты. «Бізді өлтіргелі жатыр», – деді ол. Олжас келіп, қолына қару алып, оқ атты», – дейді марқұмның әйелі айжан Қыдырәлиева.

Оқиға орнында көз жұмған Ержанның артында 3 және 5 жасар екі ұлы қалды. Ал екі айдан кейін қызы дүниеге келеді.

Төбелес салдарынан көз жұмған полиция майоры да жақында үшінші рет әке атанған.

Бұл оқиғаға қатысты күдіктінің бірі бірден ұсталды. Ал екінші күдікті қашып жүргенімен, ол да тұтқындалыпты. Бұл туралы зардап шекккендердің туыстары айтты.

Ал зардап шеккен Қахарман Жұманға кеше тағы бір ота жасалды.

Оқи отырыңыз:

Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды

Дубайға барған қазақстандықтар тамақтан жаппай уланып қалды (фото, видео)

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады

Талқылау