Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды

Өскеменде 66 жастағы кейуана жоғалып кетіп, туыстары іздестіріп жатқан еді. Кейуана үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмапты. Оның телефонынан да еш хабар болмаған. Алайда 16 мамырда оның денесі Согра теміржол өткелінің маңынан табылды.

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды

Бұл туралы Аltaynews сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Полицейлердің сөзінше, кейуананы пойыз қағып кеткен.

Ал марқұмның келіні енесінің соңғы жылдары жүйке ауруына шалдыққанын айтқан. Оның сөзінше, кейуана диспансерде есепте тұрған.

«Жалғыз өзі тұрып жатты, күйеуіміз екеуіміз жағдайын біліп барып тұратынбыз. Алайда кеше ұлы барған кезде ол үйде болмай шықты. Полицияға хабар бердік, олар кешке дейін іздеп таба алмаған соң таңертеңнен бастап телефоны арқылы жүрген жерін анықтай алатындарын айтқан,-дейді марқұмның келіні.

Оғиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Дубайға барған қазақстандықтар тамақтан жаппай уланып қалды (фото, видео)

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Талқылау