Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы интернатта мүгедек баланың өліміне күдікті тәрбиеші ұсталды

Талғарда “Аяла” мамандандырылған балалар интернатындағы мүгедек баланың өліміне күдікті ретінде тәрбиешінің көмекшісі ұсталды. “Кісі өлтіру” бабы бойынша тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

 

Түнгі кезекке қалған күтуші жылап қоймаған сегіз жасар баланы төсегінде тұншықтырып, артынша жуынатын бөлмеге сүйреп апарып буындырып өлтірген деген күдікке ілініп отыр. Ал, күтушінің қылмысын жасырмақ болды ма, мекеме басшылығы жеткіншектің ата-анасына «жүрегі тоқтап қалды» деген. Алайда жүйке жүйесінің ауытқуымен дүнеге келген баласының көкала қойдай денесін көрген ата-ана бірден полицияға арызданыпты.

-Кірсін! Неге кірмейді? Аш! Ары тұр! Неге ашпайсың?

Балаларының қиналып өлгенін естіген ата-ананың жанайқайы бұл. Бірнеше күннен бері жарытып жауап ала алмай жүрген Құттықожаевтар отбасы бүгін ақыры мүгедектер үйіне баса көктеп кірді.

Сөйтсе бұл мекемедегілер 8 жасар Мұхамеджан өз өлімімен өлді деп оларды бір жеті бойы алдап келген екен. Яғни, жеткіншектің жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Алайда, сот сараптамасы жеткіншектің жүректен емес, кісі қолынан өлді деп көрсетіп беріпті.

-Көріңдер қалай, міне қара! Жақсы ма? Менің баламды қалай өлтірдіңдер? Жауыз! Мынау не?

Сараптамаға сәйкес мүгедектер үйінде ем қабылдаған 8 жасар Мұхамеджанды азаптап өлтірген. Құлағын сындырып, көгала қойдай етіп ұрған. Онымен қоймай, жуан жіппен буындырыпты. Бала содан ауа-жетпей көз жұмған деп қорытынды шығарған екен мамандар. Жантүршігерлік жайт тағы тоқсаннан астам бала тұрып жатқан мына жатақханада болған.

Мүгедек баланы күтуші өлтірген деген күдік бар. Мәліметтерге қарағанда, түнгі кезекке қалған әйел бала жылап қоймаған соң осындай әрекетке барыпты. Оны әйел тергеушілерге мойындап, жіпке тіздей айтып берген екен.

– Ештеңе деп айта ала алмаймын. Басшы жауап берсін. Тәрбиешінің бала өлтіргені рас па? Мен айтып тұрмын ғой ештеңе жауап бере алмаймын.

Баланы өзі өлді деп ант-су ішкен ұжым бұдан соң бөлмелеріне тығылып бас сауғалады. Тіпті, басшысына дейін Құттықожаевтар отбасынан қашып, кабинетін ішінен құлыптап алды.

– Құдай жазаларыңды берсін сендердің! Ай жаным жаным!!! Сап-сау баламнан айырылып қалдым!

-Мәліметтерге қарағанда бала күтуші 8 жасар Мұхамеджанды міне осы жатқан орнында төсегінде бірінші мойнынан қылқындырған екен. Алайда бала сонда да тыныштала қоймаған. Ақыры мазасыз баланы күтушісі міне мына бір қадам жердегі бөлмеге сүйретіп әкеліп осы жерде әрі қарай жіппен буындырып өлтірген көрінеді. Қанды қылмыстың анық-қанығын тергеушілер әлі де анықтап жатыр. Ал күдікті күтушінің өзі үш баланың анасы екен. Есімі Мейрамкүл деп қайталай берген әріптестері 90 бала сеніп тапсырылған тәрбиешіні жөнді білмейтін болып шықты.

Кенже Омарханқызы, тәрбиеші:

-Ол түнде балаларға қарайды.

-Қандай адам? Жасы нешеде?

-Жасы 30-да.

-Қашаннан бастап жұмыс істейді сіздерде?

Жыл болған жоқ әлі, 4 ай ма сондай болды. Ал тумасынан жүйкесінде ауытқуы бар Мұхамеджан сөйлей алмаған. Сол себепті де, болған жайтты сол түні кезекте болғандардың ешқайсысы естімеген. Қазір марқұм баланың төсегі жинаулы. Тек жуынатын бөлмедегі бет орамалы ғана қалған. Ал тілі жоқ баланы буындырып өлтерген озбыр әйел қамауға алынды.

Зарина Құттықожаева, Мұхамеджанның анасы:

-Балам қалай өлген! Қалай қинап өлтірген! Бұның басшысынан бастап барлығы жазасын алсын! Бәрі жазасын алсын! Десе де, қара жамылған отбасы бірауыздан жалған мәлімет берген бүкіл ұжымның жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының құрылысына тыйым салу керек. СО неге адам өміріне зиян?

Сіздің балаңыз бұл туралы білуі керек: Өрт кезінде аман қалудың үш ережесі

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

 

Талқылау