Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы интернат оқиғасы: 10 жасар баламен жалаңаш жатқан тәрбиешіге қатысты жаңа дерек (фото)

Қаскелеңде ақыл-есі кем балаларға арналған интернат оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты.

Бұған дейін ер адам 10 жастағы ұлын алып кету үшін интернатқа келгенде, бөлмеде екі әйел мен баласын көрген, әйелдердің бірі беліне дейін жалаңаш күйде төсекте жатқанын хабарлаған еді, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Әлі күнге дейін бір ой мазалайды. Менің балам 40 минут бойы жалаңаш әйелдердің қасында не істеді?», – дейді әкесі.

«Бастапқыда жалаңаш әйелді көріп ұялып шығып кеттім. Кейіннен бір гәп барын түсініп, қайта кірдім. Дер кезінде суретке түсіріп алмасам, кейін дәлелдей алмайтынымды түсінім. Оларды екі рет суретке түсірдім. Екі әйел не істеп жатқандарын маған түсіндіріп бере алмады», – дейді жәбірленуші Кұрманғазы Айтмұқанов.

«Тәрбиеші түсініктеме жазып, демалысқа шығып кеткен. Өзіне ата-ананың жала жауып тұрғанын айтқан. Баланың ол жатқан бөлмеде болмағанын айтқан. Ал, бейнебақылау камерасын тексергенде баланың сол бөлмеде отырғанын белгілі болды», – дейді бала құқығын қорғаушы мониторингтік топ мүшесі Роза Ақылбекова.

«Интернат директоры мен орынбасары сөгіс алды. Тәрбиешінің өзі денсаулығына байланысты демалысқа шыққан, келген соң мәселені қайта қарайды», – дейді білім бөлімінің орынбасары Майгүл Омарова.

«Біз Зағипа Балиеваға хат жаздық. Біріншіден, тергеу жүргізу керек. Екіншіден, бұл кәсіби сауатсыздық деп есептеймін. Бір апта өтті. Балаға әлі психологиялық көмек те көрсетілген жоқ. Бала күйзелістен әлі арылмаған», – дейді Роза Ақылбекова.

Бұған дейін хабарланғандай тәрбиеші массаж қабылдады дегеннің өзінде, оның баланың көзінше шешінуі дұрыс емес екені белгілі. Аурушаң бала мұны көзімен көріп отыруы тиіс емес еді.

Тағы да оқыңыз:

Жұрт екі қолы жоқ мүгедек баланың әнін тыңдап, даусына қайран қалды (видео)

Ұлы Абайдың суретін дәретханаға төсеп, аяқ сүрткендер елдің ашуын келтірді

Оралда жөндеп жатқан автобус басып қалып ер адам көз жұмды

Талқылау