Алматы облысында жас жауынгер өз-өзін өлтірді
Алматы облысында жас жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ibirzha.kz
Оқиға 2016 жылдың 2 қазан күні 78460 әскери бөлімінде болған.
“Қызметтік міндетін атқару кезінде өзінің серіктесімен бірге тәуліктік күзетте болған Вербицкий өз-өзін өлтірді. Оқиға орынынан өлім алдындағы хаты табылған. Онда жауынгер өз өлімі үшін ешкімді кінәламайтынын жазыпты”, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлері зерттеу жүргізіп жатыр. Қатардағы жауынгер Вербицкий әскер қатарына 2016 жылы наурыз айында шақырылған.
Оқи отырыңыз:
Жол апатына себепкер болған полицей қазақстандықтардың жүрегін ауыртты
Алматыда 4 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты болды
ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушының басы жұлынып кетті
Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)