Алматыда 4 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты болды
Алматыда төрт бірдей адам көліктің астына түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға 22 қыркүйек күні кешкі уақытта орын алған.

Фото: “Территория происшествий” бағдарламасынан
Бұл туралы Motor.kz хабарлайды.
Рысқұлов көшесінің бойымен жоғары жылдамдықпен зуылдатып келе жатқан қара түсті BMW-5 автокөлігінің жүргізушісі №75 үйге қарама-қарсы бетте төрт бірдей жаяу жүргіншіні қағып кетті. Болжам бойынша, қаза болғандар тыйым салынған жерден жолдан өтпекші болған. Ал автокөлік иесін полиция тұтқынға алды. Мерт болғандардың кім екені және жол апатының өзге де мәліметтері анықталуда.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық бойжеткен Бахрейнде құрбысының кесірінен құлдықта болған
Газ бен тежеуішті шатастырып басқан ақтөбелік әйел жүргіншіні қағып өлтірді
Шымкентте жас жұбайлар өздерінің үйлену тойында апатқа түсіп көз жүмды
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған