Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газ бен тежеуішті шатастырып басқан ақтөбелік әйел жүргіншіні қағып өлтірді

27 жастағы Кристина Алорус сотта өзінің 5 жылдық жүргізу тәжірибесі бар екенін айтты. Өз атында «Опель Астра» көлігі бар. Оқиға болар күні ол көлігімен кері бұрылмақшы болған.

120303_or

Фото: shkolazhizni.ru 

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

Осы кезде алдына джип көлігі шығып тежеуішін басыпты. Сасып қалған әйел оған соғылмайын деп көлігін оңға бұрып, тежеуіштің орнына шатасып газды басқан. Соның салдарынан жолақтан өтіп бара жатқан 74 жастағы әжейді қағып кеткен. Өзі қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Әжей 4 маусым күні көз жұмды. Мемлекеттік айыптаушы Жанар Кабдышева Кристина Алорустың жылдамдықты асырғанын, өзгелердің қауіпсіздігін сақтамағанын атап өтті.

«Әжей орнынан тұрмақшы болды. Біз одан жедел жәрдем келгенше қозғалмауы керегін айттық. Мен емханаға барып, әжейден кешірім сұрадым. Қазір сотта оның туыстарынан кешірім сұраймын», – деп жылады айыпталушы әйел.

Қайтыс болған әжейдің қызы айыпталушыға кешірім берген жоқ.

«Айыпталушы менің анам қайтыс болғанда бізге келген де жоқ. Кешірім сұраған жоқ. Анамды енді қайтара алмаймыз. Сондықтан бәрінің әділ болғанын қалаймын», – деп жылады қызы.

19 қыркүйек күні сот Кристина Алорусты 2 жыл бас бостандығын айыруға, 5 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға шешім шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында жас дәрігер қызды көршісі айуанша сабап зорлап тастаған

Екі қойды мінгестіріп алып велоспедпен жүрген жігіт желі қолданушыларын аң-таң етті (видео)

Темекі шегіп тұрған бүлдіршін желі қолданушаларын шошытты (видео)

Жұрт 20 жыл бұрынғы Сәкен Майғазиевті Ninety one әншісіне ұқсатты (видео)

Талқылау