Алматы облысында туған күн иесі қонақтардың бірін өлтіріп тастады
Алматы облысында өзінің туған күніне келген қонақты өлтіріп тастаған ер адам ұсталды.
Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Балпық би ауылының 49 жастағы тұрғыны 8 қыркүйек күні өзінің туған күнін атап өту кезінде қонақтардың бірін өлтірген. Полицейлер мен дәрігерлер келемін дегенше туған күн иесі оқиға орынынан қашып кетеді.
Криминалды полиция өкілдері күдіктінің бұрын да ауыр қылмыстарға қатысы болып, тәртіп сақшыларынан қашып жүргенін анықтайды.
“Туған күнде болған таныстары да, туыстары да оның қайда екенін айтып бере алмады. Дегенмен біз оны үш тәуліктен соң Текелі қаласында қолға түсірдік. Ол қаңырап қалған жеке үйдің сарайында жасырынған,” – деді полиция.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті
Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды