Алматы облысында теріс діни ағымның өкілі әйел зорлап ұсталды
Алматы облысы, Панфилов ауданында полицейлер әйел адамды зорлады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Тексеру барысында ұсталған адамның теріс діни ағымның өкілі екені анықталды. Ол діни ұстанымына қарамастан осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершіліктерге тартылған. Оның ішінде әйел зорлау фактісі бойынша.
“Ол 2010 жылы зорлық, шабуыл жасау, ұрлық бойынша күдікке ілінген. Бірақ оны тек ұрлық бойынша айыбын дәлелдеп 6 жылға соттаған. Бостандыққа шыққан соң ол тағы да 32 жастағы әйелге жыныстық қысым көрсетіп, ұсталған. Факті дәлелденіп, ол 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлады ІІД.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте хиджаптағы келіншек әйел акушер босандырмаса баласымен қоса өлуге дайын екенін айтқан
Күйеуін абайсызда өлтірген Алға тұрғыны мемлекеттен 600 мың теңге өндіріп алды
Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды
Жамбылдық полицей басын қатерге тігіп қауіпті қылмыскерді құрықтады