Алматы облысында шекара бұзған қытай азаматы тұтқындалды
Алматы облысы аумағында мемлекеттік шекараны бұзған ҚХР азаматы 6 айға тұтқындалды. Панфилов ауданының прокуроры Айдын Төребековтың айтуынша, ҚР ҰҚК ШҚ №2091әскери бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 30 қазанда ер адам «Ынталы» шекаралық заставасы учаскесінде мемлекеттік шекараны бұзып өткен сәтінде ұстады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Сот алдындағы тергеу барысында мемлекеттік шекараны қасақана бұзу фактісі толық көлемінде дәлелденді.
Панфилов ауданы сотының үкімімен ҚХР азаматы ҚР ҚК 1-бөлімі 392-бабында көзделген қылмысты жасауға айыпты деп танылды және оған 6 айға бас бостандығынан айыру, жазасын қоныс-колонияда өтеу, Қазақстан Республикасы шегінен 5 жыл мерзімге аластату жазасы тағайындалды.
Қазіргі кезде сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау