Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында “кесір тілігін” жасатқан келіншектің ішіне дәрігерлер зат қалдырып кеткен

Алматы облысының тұрғыны Меруерт Құрманова “кесір тілігін” жасатамын деп өмірінен айырыла жаздады. Хирургиялық операция сәтті өткенімен, жас ана үйге шыққан соң қайтадан жағдайы төмендей бастаған. Сөйтсе, дәрігерлер оның ішінде бөтен затты байқамай қалдырып кетіпті.

dvdv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Денесін ауырсынған әйел сол күйі бір ай жүрген. Дәрігерлердің қалдырып кеткен орамалы, арнайы түсірілім жасатқанда қара дақ болып көрінген. Отаны Ескелді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері жасапты. Ауруханадан шыққаннан кейін, оның жүріс-тұрысы қиындап, үнемі өзін нашар сезіне бастаған. Осыдан соң ол дәрігерлерге де бірнеше рет қаралған. Алайда олардың жазып берген дәрілерінің ешқайсысы көмегін тигізбеген. Содан кейін барып ол Талдықорғанға тексерілуге барған.

“Талдықорғанға барып анализ тапсырып, түсірілім жасаттым. Арнайы анықтаудың арқасында ішімде кәдімгі дәрігерлік орамал қалып кеткені белгілі болды”, – дейді Меруерт Құрманова.

Қайталап операция жасағаннан кейін, үш апта жансақтау бөлімінде жатқан. Ескелді аудандық ІІБ осыған орай қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасы мұны адами фактор әсерінен деп анықтаған. Ал Меруерттің денсаулығына келген шығын көлемі – жеңіл деңгейде деп бағаланған. Осылайша іс дереу жабылған. Ал операциялық бригада кеткен қателік үшін қатаң сөгіс алыпты.

“Бұл жағдай техникалық қателік кесірінен. Мұны ешкім әдейі жасамайды. Ол ешқандай да мүгедек емес. Бізден шыққанда жағдайы жақсы болған”, – дейді Алматы облысы Ескелді аудандық орталық ауруханасының директоры Роза Ибраева.

Ал көпшілік бұл хирургтің емес, медбикенің жауапкершілігіне тікелей қатысты екенін айтуда. Өйткені, операциялық медбике сол жердегі материалдар мен құралдарға мұқият болуы тиіс. “Амансаулық” қорының өкілдері аталған мекемеде тез арада қайта аттестация өткізілуі керек деп санайды.

“Осындай қателіктерді жібермеуді қадағалайтын арнайы медициналық стандарттар бар. Егер, мұндай жағдай жиі орын алатын болса, онда көп ұзатпай стандартты ауыстыру керек болады”, – дейд “Амансаулық” қорының президенті Бақыт Түменова.

Қазақстандық дәрігерлердің операциядан соң емделушінің денесіне құралдарды қаншалықты қалдырып кететіні туралы нақты статистикалық мәлімет жоқ. Қаңтар айының соңында осыған ұқсас жағдай Оңтүстік Қазақстанда орын алған еді. Емделуші денесінде дәрігерлер бір метрлік матаны қалдырып қойған.

Талқылау