Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам қауіпті сынапты 100 миллион теңгеге сатпақ болған (видео)

Улы сынап сату

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында полиция қызметкерлері қауіпті сынапты сатпақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістандық 28 жастағы ер адам қауіпті химиялық затты 100 миллион теңгеге сатуға келіскен.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары облыстық прокуратурамен бірлесіп, Алматы облысы бойынша ДКНБ-мен бірлесіп жүргізілді. Арнайы операция кезінде затты 100 миллион теңгеге сатпақ болған 28 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Абикеев.

Оқиға орнынан жалпы салмағы 3 келіден астам "металл сынап" заты әйнек колбада сақталған күйде тәркіленді. Қазіргі оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сынап – өте улы химиялық элемент, ол адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Ведомство сынаптың буы қатты улануға, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеліп, ағзада және қоршаған ортада жиналып, ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 11:16