Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

7 кг мефедрон, 200 литр прекурсор: ҰҚК Алматыдағы есірткі зертханасының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

16 мамырда Алматыдағы жеке үйлердің бірінде психотроптық заттарды дайындайтын екі азамат қылмыс үстінде ұсталған.

"Тінту кезінде 7 келі мефедрон мен 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі заттарын өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Заңсыз бизнесте бұл есірткілердің бағасы 140 миллион теңгеден асады", – делінген ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, ұсталғандар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін “есірткі дайындаушы” болып жұмыс істеген. 

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 01 Маусым, 2024 12:45
Талқылау