Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған
Алматы облысы Талғар ауданында 3 жасар баланы мазақ еткен бала күтушісіне қатысты сот үкімі шықты.

Сот мәліметіне сәйкес, жас келіншек 3 жасар балаға күтуші болып жалданады. Ол жалғыз қалған балаға бірнеше рет айқайлап, ұрып-соққан. Бұл жөнінде ата-анасы бейнебақылау камерасы арқылы біледі.
Айыпталушы кінәсін мойындады. Ол 3 жылға сотталды. Әйел жазасын орташа қатаңдандырылған мекемеде өтейтін болады.
Тағы да оқыңыз:
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан