Алматы-Бішкек жолында таяқ ұстаған әскери формадағы жігіттер автобустарды түн ішінде тоқтатып, ақша сұрайды

Алматы-Бішкек тас жолының 30-шақырымында қауіпті бекет бар. Қолдарына таяқ ұстаған әскери формадағы жігіттер Өзбекстан мен Қырғызстаннан және еліміздің оңтүстік өңірінен Алматыға қатынайтын автобустарды түннің бір уағында тоқтатып, ақша бопсалайды екен.

Ал төлеуден бас тартқандарға тіпті қару кезеніп, жолаушыларын жолдың бойына түсіріп тастайтын көрінеді. Бұл туралы белгісіз адамдардың әрекеттерінен әбден мезі болған оңтүстіктен келген кәсіпкерлер айтып отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміздің оңтүстігінен Алматыға жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер оларды жол-жөнекей әскерилер тоқтатып, ақша бопсалайды деп дабыл қағуда. Айтуларынша, олар түнімен жұмыс істеп, таңертең қайтып кетеді екен. Мән-жайды анықтау үшін біз осы күре жолдың бойына келіп, не әскерилерді, не бекетті таба алмадық.

Кәсіпкерлер жол-жөнекей қалталарын қағу қаңтардан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Форма киген жігіттер қорқауларша тек түнде ғана шығады екен. Олар Алматыға бет алған барлық автобусты тоқтатып, мәжбүрлеп ақша төлетеді дейді. Ал дегендеріне көніп, айтқандарын орындамағандарды қарумен қорқытып, түгел түсіріп тастайтын көрінеді. Тіпті, айтқандарының барлығының растығын дәлелдеу үшін айғақ ретінде кадрларды көрсетті.

Кәсіпкерлер әр тоқтатқан сайын оларды видеоға түсіргенімен, куәгерлерді қорқытып қойғандықтан ауыздарын ашуға сескенентіндерін айтады. Жол бойындағы заңсыз бекеттен әбден зәрезап болғандар қоғамнан көмек сұрауда. Жанайқайларын естірту үшін арнайы Алматыға келуге мәжбүр болыпты.

Оңтүстік өңірдің кәсіпкерлері мен жолаушылары атынан құзырлы органдардан бізге көмек көрсетуін сұраймын. Біз Алматы қаласына келеміз, бірақ бізді Алматы облысының аумағына түсіріп тастайды. Мұндай оқиғалар жетіп артылады. Бірақ куәгерлерді қорқытып қойған. Бүгінгі баспасөз мәслихатынан кейін мәселеміз шешіледі деп ойлаймыз» – дейді кәсіпкерлер мен жолаушылар ынталы тобының жетекшісі Манан Мырзаходжаева.

Жол бойынан өз бетінше бекет орнатқандардың әрекеттері заңға томпақ дейді дейді заңгерлер. Полицияға шағым түсіргендерімен, тәртіп сақшылары Алматы-Бішкек тас жолының 30 шақырымында ешқандай бекетіміз жоқ деп жауап берген. Ал әскери киім кигендердіңәбден есіргені соншалық тарифті өздері белгілейді екен.

«Сіздер көріп отырған кісілерге бәрібір. Ташкенттен Қазақстанға жолаушылар алып келе жатқандар бар. Олардың арасында саяхаттап немесе емделуге келе жатқан науқастар бар. Оларды да жолдың бойына түсіріп тастайды. Алматыға келуі тиіс шетел азаматында айдалаға түсіреді. Ал такси бағасы мұндай уақытта бірнеше есеге артады» – дейді заңгер Василий Резван.

Ал, қалааралық автобустардың жүргізушілері де, жолаушылары мұндайды бірінші рет естіп отырғандарын айтады. Бәрі бірауыздан ешкімді көрмедік, білмейміз деп отыр.

Тасымалдаушылар мен заңгерлер Алматы облыстық ішкі істер департаментіне және Ішкі істер министрлігіне шағым түсірді. Қаңтардан бері ақша боспалағыштардан әбден мезі болып, қорқып қалған кәсіпкерлер жағдай енді оңалар деп үміттенеді.

Тағы да оқыңыз:

Рамазан айына дейін орындалуы тиіс 5 амал

Алматыда тағы бір нәресте табылды: Анасы сәбиін жерасты өткеліне тастап кеткен

Маникюр жасатам деп дертке шалдығып жүрмеңіз: Еліміздегі салондарда санитарлық талаптар сақталмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар