Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір нәресте табылды: Анасы сәбиін жерасты өткеліне тастап кеткен

Алматыда тағы жаңа туған нәресте табылды. Безбүйрек анасы сәбиін жерасты өткеліне тастап кеткен. Бір сағат шырылдаған оның дауысын жаяу жүргіншілер естіп, бірден жедел жәрдем шақырыпты. Сөйтсе, салмағы екі келіге де толмайтын шақалақ шала туған бала болып шықты.

Ал, ертеңіне ауруханаға тағы бір бала түскен. Бірақ 7-8 айлық. Дәрігерлер бір аптадан бері ата-анасын іздеп шарқ ұрып жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Туғанына бір ай да толмаған шақалақ дәл осы Ташкент және Күдерин көшелерінің қиылысындағы жер өткелінен табылған. Басында көк қалпақ, көк көрпемен оранған. Үстінде қыздың туған күні жазылған бір жапырақ қағаз болған. Яғни сәби 21 наурыз күні туылып, 10 сәуір күні безбүйрек шешесі осында тастап кеткен.

Сасық әрі қоқысқа толы жерасты өткелінде шырылдап жылаған сәбидің дауысын әуелі жаяу өтушілер естіген. Бірден жедел жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер ауруханаға уақытында жеткізілгенін айтады. Әйтпесе, әбден тоңып қалған шақалақтың өміріне араша бола алмас дік дейді. Онсыз да, шала туыпты. Салмағы бір келі 900 грамм қыз бала вакумда жатыр.
«Бала біздің ойымызша шала туылған. Салмағы бойынша, денесінің және анатомиялық физиологиялық дамуына шала туғанға ұқсайды. Екінші дәрежелі» – дейді қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлназ Еленбаева.

Дәрігерлер бір аптадан бері қолдан тамақтанатын қоспамен асырап отыр. Шұғыла деп есім берген. Аса мазасыз емес дейді. Ал, мынау Шұғыла сияқты емес, адам жатырқайды. Тілі шықпаса да, бәрін түсініп тұр. Жеті сегіз ай шамалас. Есімі белгісіз. Бұл да қаланың бір бұрышынан жедел жәрдем қызметі арқылы бір күннен кейін түсіпті. Дені сау, тәбеті жақсы. Тек екі көзі жәутеңдеп туғандарын іздеп көп жылайды екен.

«Ата аналары келген жоқ. Ешкім іздеген жоқ. Біздің юристтер ата-аналары іздеп, табылмаса балалар үйіне жібереді» – дейді дәрігер Ақбота Сейілова.

Аурухананы паналаған сәбилерді әлі ешкім іздеп келмеген. Дәрігерлер жаңа туған сәбиден бұрын екіншісіне алаңдаулы. Мүмкін ата-анасы жоғалтып алған болар деген үмітте. Полицейлер де аяқтарына тозып іздеуде екен. Егер асыраушылары келмесе, екеуіне де құжат рәсімделіп, балалар үйіне өткізілмек.

Тағы да оқыңыз:

Маникюр жасатам деп дертке шалдығып жүрмеңіз: Еліміздегі салондарда санитарлық талаптар сақталмайды

Арбаға таңылған шымкенттік жігіт арқанмен трюк жасап жұртты таңдандырды (видео)

100 мың теңгеге: Тәңірберген Бердоңғар мұқтаж қарияларға азық-түлік сыйлап қуантты (видео)

Талқылау