Маникюр жасатам деп дертке шалдығып жүрмеңіз: Еліміздегі салондарда санитарлық талаптар сақталмайды

Сұлулыққа құштарлықтың соңы айықпас дертке ұрындыруы мүмкін. Еліміздегі сән салондарының көбінде санитарлық талаптар сақталмайды екен. Маникюр жасайтын құрал-саймандардың дезинфекцияланбайтындықтан гепатит пен зең ауруын, тіпті ВИЧ жұқтыру қаупі бар.

Эпидемиолог дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандардың алаңдауы қаншалықты орынды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Мына заттар тырнақ әрлейтін құрал-саймандар. Алайда олардың түрлі тері ауруларына себепкер екенін жұрттың көбі біле беремейді. Мәселен, мына қысқаш алдын ала дезинфекциядан өтпей, маникюр маманы қолыңызды байқамай тіліп алса болды, сіз айықпас дертке шалдығуыңыз мүмкін.

С гепатиті , ВИЧ, түрлі тері аурулары! Абай болмаса кез келген қыз-келіншек
дәл осы қауіпті дерттерді сұлулық салондарынан жұқтырып алуы әбден мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Себебі, жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптап кеткен олардың көбінде санитарлық талаптарға сай қызмет көрсетілмейді екен.

“Қазір сән салондары бізде базарларда да ашылып жатыр. Дезинфекция сән салонында жәй спиртпен сүрте салады. Жәй сумен жуа салуы мүмкін. Ол уақытта АИТВ жұқпасы жойылуы мүмкін емес” – дейді дәрігер-эпидемиолог Зәмзәгүл Рахимбаева.

Бұған көз жеткізу үшін Елордадағы жиырмаға жуық салонға хабарластық. Алайда, олардың көбісі тырнақ күтіміне арналған стерилизаторларын түсіруге рұқсат бермеді. Ал үйде маникюр жасайтындардың әрекеті тіпті жаға ұстатты.

«Аппаратпен, аппарат жоқ менде әзірге», «Мен үйде спиртпен сүртем» деді маникюр мамандары.

«Осындай раствор бар. Осындай растворда инструменттер жатады. Осыған инструменттерімді салып, жарты сағатқа салып қоямын 180 градусқа» – дейді маникюр шебері Марал.

Мамандар мұндай вирустардың өршуіне тек салон қызметкерлері ғана емес, тиісті құжаттарды талап етпейтін тұтынушылардың өздері де кінәлі дейді. Талап бар жерде, жауапкершілік жоғары болатынын айтады.

«Ал қазіргі таңда интернет желісі дамып, осындай жағдайда үйде қызмет көрсету: маникюр, педикюр шеберлерінің үйде қызмет көрсетуі танымал болып жатыр. Адамдар өз денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, үйден қызмет алып жатыр, оның бәрі дұрыс емес. Өйткені, сән салонына қойылатын талаптар үй жағдайында ұстау мүмкін емес» – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Әлсия Кашкенова.

Санитарлық ержелерге сәйкес, маникюр-педикюр шеберлері міндетті түрде жылына бір рет вирустық Б және С гепатитіне тексеруден өту керек. Бірақ оны елеп-ескеріп жатқандары шамалы. Ал ең сорақысы, құрал-сайманға жұққан вирус бірнеше тәулікке дейін сақталса, ВИЧ инфекциясын қарапайым әдіспен мүлдем кетіре алмайсыз!

«АИТВ жұқпасы кепкен қанда 1 тәуліктен артық сақталады. Мысалға бір рет қолданылатын иненің ішінде қан қалса бірнеше тәулікке дейін сақталады. Қан болса, ол маникюрный, педикюрный құралында болсын, ол қан 56 градус қыздырылған кезінде кезде жарты сағаттан кейін ғана жойылуы мүмкін. Ал С гепатитінің жойылу уақыты одан да көп» – дейді дәрігер-эпидемиолог Зәмзәгүл Рахимбаева.

Елордада 2017 жылы ВИЧ жұқпасын жұқтырғандардың саны 235-ке жеткен. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Ал өз ауруын жасырып жүргендер әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді эпидемиологтар.

Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Ақмола облысында прокурор автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін іліп алып, көлік басқарған

Алматы облысында бес балалы жалғызбасты ана бүлдіршіндерімен бірге мал қорада тұрып, күнелтіп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар