Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)
Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысы Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеровке ҚазАқпарат тілшісі хабарласып, мән-жайды білді. Ауыл әкімі Ержан Шәкеров тракторға отырып, қар тазалағанына намыстанбайтынын айтты.
«Жоқ, керісінше. Мен осы Көлбай ауылында туғанмын. Кіндік қаным тамған туған ауылымның халқына қызмет етуден ешқашан шаршамаймын. Қар тазалайтын мекемелер біздің ауылдың ішкі жолдарын толықтай білмейді.
Ал мен тракторға отырып алып, жалғыз адам жүретін жолдарды да тазалаймын. Ол жұмысым үшін ешуақытта намыстанған емеспін. Керісінше, халқыма пайдамның тигеніне ризамын. Осыдан екі күн бұрын ғана қарды тазалап едім, тағы да жауды. Қазір тазалап жатырмын», дейді Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеров.
Көлбай ауылының әкімі 37 жастағы Ержан Шәкеров – бес бала тәрбиелеп отыр. Ол өнерден де кенде емес болып шықты. Әкім өлең жазып, ән шырқап, домбыраның құлағында ойнайды. Ал оның Көлбай ауылының әкімі болғанына 1 жыл 2 ай болған екен.
Айта кетсек, Ержан Шәкеров ауылға айрықша сіңірген еңбегі үшін 2017 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Президенттің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында қызын тістеп, мұрнын жұлып алған ер адам ұсталды
Алматы облысында белгісіз біреулер бизнесменнің автокөлігін жарып жіберді
Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)
Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)