Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 8 жасөспірім із-түссіз жоғалған

Алматы облысының полицейлері екі күн ішінде 20-дан астам жоғалып кеткен адамның қайда екенін анықтаған. Бұл туралы өңірлік ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

2257620

Полицейлер екі күн ішінде із-түссіз жоғалған 22 адамның мекен-жайларын анықтай алған. Оның ішінде 8-і кәмелетке толмағандар екен.

“Осы уақыт ішінде жоғалған кәмелетке толмағандардың басым бөлігі ата-анасынан қашып кеткендер. Есікте полицейлер қала тұрғындарымен бірге тәуліктен астам уақыт бойы үйінен кетіп қалған 10 жастағы жасөспірімді іздеді. Екпінді ауылының тұрғыны ата-анасымен ренжісіп қалып көрші ауданға кетіп қалған. Ол екі тәуліктен соң табылды. Өз туыстарына ескертпей кетіп қалған тағы бір қыз Тараздан табылды”, – дейді облыстық полиция.

Ал бүгін түнде Талдықорған драма театры ауданында 12 жастағы екі жасөспірімді тапты. Оларды екі күннен бері іздестіріп жатқан. Белгілі болғандай олар Шұбар ауылынан Талдықорғанға келіпті.

Оқи отырыңыз:

Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған

Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді

Талқылау