Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 12:32

Төркініне кетіп қалған келіншек жұрттан кеңес сұрады. Күйеуі осы уақытқа дейін 50 шақты жерін көгертіп тастаған екен.

1453324958_1452605729_7b4e138f67

Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.

Күйеуі 50 шақты жері мен көзін көргерткеy әйел төркініне кетіп қалған екен. Енді күйеуі мен ата-енесі кешірім сұрап алдына келіп жүр. Алайда келіншек қатты қорқып қалғанын айтады. Осы орайда, ол жұрттан ақыл сұрады.

«Мен дәл қазір ата-анамның үйіндемін. Жасым 22-де. 11 айлық қызым бар. Күйеуім екеуіміз бір-бірімізді жақсы көріп 2 жарым жыл жүрдік. Қызғаншақ еді. Осы күнге дейін көп таяқ жедім. Менің тарапымнан да талай қателік кетті. Аяусыз ұратын еді. Денем 50 шақты жерінен көгеріп қалған. Тісім сынып, омыртқам қисайды. Ұрсып қалсақ та, жалынып мүмкіндік сұраудан шаршамайтын. Өстіп жүріп үйлендік. Оқып отырып жігітім ішеді деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ, біз заманауи қыз бен жігітпіз. Мінезі өте қиын. Өзгерnуге уәде берген соң талай қосылдық. Араға бір жыл салып көзім көгеріп үйге қайтып келдім.

Сәл бірнәрсе ұнамай қалса, ұрады, тебеді, қылқындырады. Ата-енеммен бірге тұрдық. Шыны керек, таяқ жеуден шаршадым. Соңғы рет болмайтын нәрсеге бола ұрып тастады. Тіпті, сөйлеуге қорқатын болдым. Жап-жақсы болып жүреміз де, арасында осылай ашуланып кетеді. Енді үйіме ата-анасын жіберіп, арасында өзі де келіп кешірім сұрап жүр. Оған сенуден қалдым. Барғым келмейді. Болашақ өмірім үшін қорқамын. Осындай адамдар кешірген жағдайда, қол көтеруін қояды деп ойлайсыздар ма? Оның жұмыссыздығы мен қыдырғыштығын сөз қылмай-ақ қояйын. Қызым қолымда тұрса да, ұра беретін еді. Оған сәл бірнәрсе айтуға қорқамын. Тілімнен тауып жүрмін деп ойламаймын», – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді

5 жылда әрең бала сүйген келіншек әйелдерге шыдамды болуға кеңес берді

Қазақ жігіті көңілдес болып жүріп біреудің әйеліне өзінен бала туғызған

Келіншек енесіне бауыр басып кеткен 2 қызын қайтара алмай жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бір ұрған адам қоймайды. Бір күні мүгедек болып қаларсың. Кешірме, ол тағы қайталайды.

  • Anonymous says:

    Кешірме ,ол өзгермейді ,
    Жүрміз ғой ит болып,20 жыл болды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар