Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 9:52

26 жастағы Айсәуле есімді бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Оны интернет арқылы танысқан жігіті зорламақ болған екен.

0айыц

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жігіт туралы айтып берді. Ол бұл азаматпен интернет арқылы танысқан екен. Мұнымен қатар, ол қыз-келіншектерге интернет арқылы жігіттермен таныспауға кеңес берді.

«Құрбыларымның интернет арқылы отбасын құрып жатқанын жиі естимін. Мен де өзімнің бағымды сынап көргім келеді. Интернетке тіркеліп, бір жігітпен таныстым. Жігіт суретте өте сымбатты, салмақты көрінді. Жазған әңгімелері де тәуір. 10-15 күндей осылай интернет арқылы араласып жүрдік. Кейін мені киноға шақырып, екеуіміз кездестік. Дәмханада тамақ іштік. Үйге қайтпас бұрын түнгі қаланы аралауды ұсынды. Ол кезде 26 жаста едім. Бір уақытта мені қаланың сыртына қарай алып кетіп, тиісе бастады.

Әйтеуір дегенде қашып кеттім. Өзі ішімдік ішпеген еді. Оған сол сәтте әлсіздігімді көрсетсем, жағдай ушығып кететін еді. Мен барынша өзімді қолға алуға тырыстым. Қазір ешкімге сенбеймін. Қыздарға интернет арқылы таныспауға кеңес бергім келеді. Кейін кешірім сұрап хабарласты. Оны барлық жерде бұғаттап тастадым. Осылайша ол мені сол түні зорлап қоймақ болды. Аты-жөнін жақсы білемін. Бірақ, еш жерге арызданбадым. Өйткені, барлық кезде қыз кінәлі. Жігіттер танысу сайттарында жеңілтек қыздар отырады деп ойлайды», – дейді Айсәуле ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

5 жылда әрең бала сүйген келіншек әйелдерге шыдамды болуға кеңес берді

Қазақ жігіті көңілдес болып жүріп біреудің әйеліне өзінен бала туғызған

Келіншек енесіне бауыр басып кеткен 2 қызын қайтара алмай жүр

Бойжеткен ұятсыз әрекеттер жасатқан жігіті өзін бопсалайды деп қорқады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар