Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Айтұмар Әлімжан (есімі өзгертілді) басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Ол ата-анасының қалауымен өзінен 9 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, өмірін құртқан. Ақырында ажырасып, үйге қайтып келген.

wedding_02

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Артық әңгімесіз ақыл-кеңес берулеріңізді сұраймын. Өтінішім болсын. 2014 жылы әке-шешем мені өзімнен 9 жас үлкен адамға ұзатты. Ол кісіні мүлдем ұнатпадым. Қарсыласып көрген едім анам «Осы адамға тұрмысқа шықпасаң, сені өмірімізден сызып тастаймыз. Үлкен кісінің бетін қайтарсақ, ертең кесірі жаман болады» деп қорқытты. Барған жерімнің жағдайы жақсы. Күйеуім – үйдің тоғызыншы ұлы. Амалсыз ұзатылдым. Кенже келін деп мені жақсы қарсы алды. 2 күннен кейін қайын әпкем «Оқуды ұмыт, енді үйден шықпайсың.

Телефон дегенді де таста, әке-шешеңе барушы болма» деп қоқаң-лоқы көрсетті. Келісімді бердім. Ол кісінің бұрын үйленіп, қайын жұрты үйіне қайтарып жібергенін білемін. Төрт күн бойы сол кісінің үйінде болдым. Бұл туралы анама айтып бердім. Ол жақ той жасамаған соң, мені анам алып кетті. Араға бір апта салып аяғымнан тұра алмай, адам көргім келмей, миым ауырып, есімді жоғалттым. Молдаларға барып әрең есімді жидым. Бір күні анам үйдің қабырғасынан 4 қағаз тауып алады. Ішіне менің атым және арабша сүрелер жазылған екен. Емші молдалар бұл жазудың адамның есін ауыстыру үшін жазылғанын айтты.

Мұны естіп, тағы да орнымнан тұра алмай қалдым. Жігітпен жүріп жүріп осы кемшілігім туралы айтсам, менен теріс айналып кетеді. Енді не істерімді білмей басым қатып жүр. Жігіт түгілі, қазір туыстарым да менен теріс айналды. Күйзелістің салдарынан үйде отырмын. Жағдайымды түсініп, шер тарқасатын адам жоқ. Қатты қиналып кеттім. Анамның ісін есіме алғым келмейді. Өлгім келіп жүр. Өмірім түгелдей құртылды. Тұрмысқа шыққым келеді. Бірақ, жігіттер менен қорқады. Бәлкім жанымды түсінетін адамды кезіктірмеген шығармын», – дейді Айтұмар Әлімжан.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған

Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді

5 жылда әрең бала сүйген келіншек әйелдерге шыдамды болуға кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар