Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 8 балалы отбасы күн жылынса далада қалайын деп тұр (фото,видео)

 Алматы облысы  Талғар ауданының Бірлік ауылында тұратын  8 балалы отбасы күн жылынса ашық аспан астында қалғалы тұр. Алтын алқа тағынған жұмыссыз ана 8 баласына жейтін нан таппай отыр. Күйеуінің тұрақты жұмысы болмағандықтан  күндік қара жұмыстарға жалданады екен. Оның өзі кейде он адамнан тұратын отбасының бір күндік тамағына да жетпей қалады екен.

үй7

Отағасының табысы орташа есеппен күніне 2000 теңге. Ол ақшаға  тамақ пен үй жылытатын көмір, ағаш алу керек.  Қазірге  10 адамнан тұратын отбасы паналап отырған  мына үйді мейірімді жандар тегін тұруға рұқсат етіпті. Әрине, уақытша. Жеті баласы мектепте оқитын отбасы көктемде  қожайындарына мына үйді тапсырар болса далада қалатындары анық. Себебі,  сегіз баланың ата-анасының қолында не пәтер жалдайтын қаржы, не үй салатын жер жоқ. Бұл отбасының тіршілігімен  Stan.kz cайтының өңірдегі тілшісі біліп қайтқан еді.

Сегіз баланы дүниеге алып келген Толқынай ана  көзіне жас ала отырып жұрттан көмек сұрайды. Әр адам мүмкіндігінше көмек берсе отбасы қуана қарсы алады.Сегіз бала қазіргі күні не киімге, не оқу құралына тіпті тойып тамақ жеуге  жарымай отыр екен.

ана2

Алты бала мектепте оқығандықтан  БАҚ арқылы  жүздерін көрсетіп жұрттан көмек сұрауға ұялатындарын айтқан. Сондықтан да Толқынай ана алтын алқасы мен олардың туу туралы куәліктерін ғана көрсетіп отыр.

ана3

«Менің қазіргі жағдайымды ешкімнің басына салмасын. Мына алқаны кеудемізге жылтыратып таққанымен, ішіміз уайымға толы.Тіпті күн жылынған сайын күндіз күлкіден түнде ұйқымнан айырылдым. Мені жасыма қарап ешкім де жұмысқа алмайды. Балалар мектепте. Күйеуім шама-шарқынша тауып жатыр. Осы тығырықтан шығуымызға көмектесетін адамдар болса, рахметімізді айтар едік»,-дейді Толқынай Наметқұлова.

үй1

үй2

үй3

үй4

үй5

үй6

 

Талқылау