Алматы облысында 7 жылға сотталған азамат кінәсіз деп танылды
Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотында Сергей Зрячевтің апелляциялық шағымы қаралды. 7 жылға бас бостандығынан айырылған азаматтың кінәсіз екені дәлелденіп, сот залында қамаудан босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Анықталғандай, Іле аудандық ІІБ-нің қызметкерлері тарапынан арандатушылық фактісі болды.
Апелляциялық сот процесі барысында, сотталушыға қатысты арандатушылық іс-әрекеттерге қатысқан куәлердің жауаптары, жедел полиция қызметкерлерінің нұсқаулықтары бойынша іске асырғаны белгілі болды.
Сот алқасының анықтауы бойынша жедел полиция қызметкерлері жасанды арандатушылық арқылы сотталушының есірткі заттарын сатуға жағдай туғызған. Сондай-ақ, қылмыстық іс құжаттарын бұрмалаған. Сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі қылмыстың құрамы болмауына байланысты күші жойылып, сотталушы сот залында қамаудан босатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Іле аудандық соты Сергец Зрячевті ҚР ҚК 296 бапы 3-ші және 297 баптың 3-ші бөліктері бойынша (есірткіні заңсыз сақтау және сату) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтеуге үкім шығарған болатын.
Тағы оқыңыз:
Қостанайда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты, қаза тапқандар бар
Алматыда егіз балаларын өлтірген ата-анаға үкім шығарылды
Италияндық дәрігер жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өз қолымен өлтіріп келген
26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды (фото)