Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 26 жастағы шопан кісі қолынан қаза болды

Алматы облысында 26 жастағы шопанның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 желтоқсан күні шалғайдағы фермалардың бірінің маңайынан пышақталған ер адамның мәйіті табылды.

Шаруа қожалығының иесі мәйітті танып, ол малшы болып жұмыс істегенін растады.

Бірнеше сағаттың ішінде полицейлер кінәліні анықтады, ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

“Күдікті жасырынған жоқ, ауыл учаскелік инспекторына өзі берілді. Ұсталған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол шопанмен бірге ішімдік ішкенін, араларында жанжал шығып, оны өлтіргенін мойындады”, — деп хабарлады облыстық полиция.

ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз:

Тамара Дүйсенова ереуілдеткен шахтерлерге неге бармағанын айтты

Көпқабатты үйдің ауласынан 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылды

Балқашта бейәдеп смс хабарлама жіберген мүғалім сотталды

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017 07:15
Талқылау