Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Танымал музыкант Ерлан Көкеевтың шағымынан кейін Алматы әуежайында қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы Халықаралық әуежайдың жолаушыларды тасымалдау қызметінің басқарушысы Назира Ысқақованың сөзінше, аспаптардың бүлінгені жүкті түсіргенде тіркеліп, Bek Air бортсерігіне хабарланған. Сонымен қатар бұл жағдай жүк тізімдемесінде көрсетіліп, акт толтырылған екен.

«Біз кешірім сұраймыз. Алайда аспаптардың неліктен бүлінгенін анықтай алмаймыз. Себебі біз тек жеткізілген жүктің бүлінгені туралы фактіні тіркедік.

Мүмкін музыкалық аспаптар жүк жөнелту стансасында бүлінген болар. Себебі ол пластиктен жасалған. Ал ол кезде Астанада ауа райы өте суық болды. Нәтижесінде аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін», – дейді Ысқақова.

Ал Көкеевтың өзі аспаптардың бүтін екенін, тек электроникасы зақымданғанын айтқан. Оны қалпына келтіріп, қайта дәнекерлеу қажет екен. Десе де бұл жағдай әншінің командасына өнер көрсетуге кедергі болмапты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ерлан Көкеев музыкалық аспаптарының бүлінгеніне шағымданып, Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек болған еді.

Оқи отырыңыз:

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Талқылау