Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыны жаңбырдан кейін су басып қалады: Қала әкімі мәселе қашан шешілетінін айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы арық жүйесінің мәселесі қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Досеав

“Соңғы үш айда қаламызға жауған жауын-шашын мөлшері аномальді көрсеткіштерге жетіп отыр. Мұны синоптиктер де растады. Алматыда енді мұндай климат үнемі байқалады. Осыған орай алматылықтар шағымданып отырған 102 ауданның 56-сында мәселе жыл соңына дейін шешімін табады. 46-сы бойынша жағдай келесі жылы ретке келтіріледі. Одан бөлек қалада 16 жаңбыр суын жинақтауға арналған коллектор бар. Шын мәнінде олардың 12-сі жұмыс істеп тұрған жоқ немесе істен шыққан. Тағы 4-і 30% ғана жұмыс істейді. Сол себепті жыл соңына дейін 12-сі жөндеуден өтеді. Менің ойымша, бұл мәселені шешуге сеп болады. Дегенмен бұл бағдарлама алдағы үш жылға бағытталғанын айта кеткен жөн. Сондықтан кезең-кезеңмен жауын-шашын канализациясының мәселесін ретке келтіреміз деп ұйғардық”, – дейді қала басшысы. 

Бұған қоса ол жыл соңына дейін қала тұрғындары оң өзгерістерді байқайды деп сендірді. 

“Бұған қоса арық жүйесін модернизациялау қажеттілігі туындап отыр. Қалада 1500-нан астам арықтан су толығымен аяғына дейін ақпай, тұрып қалады. Сондықтан тағы 300-400 км арық жүйесін қайта модернизациялау керек. Бұл жұмыстар 2024 жылға дейін жүргізіледі. Осы жылдың соңына дейін алматылықтар алғашқы нәтижелерді көреді деген ниеттеміз”, – деп қосты Досаев.  

Талқылау