Алматылықтарға коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынады
Алматыға қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының 6000 дозасын, сондай-ақ Sputnik V вакцинасының 65000 дозасын жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Отандық вакцинаның 6000 дозасын қабылдау жоспарланып отыр", - деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Өз кезегінде ресейлік вакцина да жоспарға сай жеткізілген.
"Сәуір айында жаппай вакцинация жоспарланған. Вакцинация пункттерін 250 жерде орналастыру жоспарланып отыр. Негізінен мемлекеттік емханалар, жеке құрылымдағы медициналық мекемелер қамтылған. Бірақ сауда орталықтарын да тартуға болады. Келіссөздер жүргізіліп, жұмыс тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесіне сүйенсек, Алматыға 65 000-нан аса "Спутник V" вакцинасын әкелу жоспарланған", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.
- Бекшин коронавирустың "алматылық" штаммы туралы сөз қозғады
- "Қытайлық вакцинаны салдырдым": Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы екпе алды
Сонымен қатар ол жаппай вакцинация тегін жүргізілетінін айтты.
Бұған дейін Алматы тұрғындарына сауда орталықтары мен базарларда вакцинаны қалай салатыны туралы жаздық.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
