Алматылықтарды жаппай вакцинациялау қашан басталады?

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда жаппай вакцинация қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн-брифингте Алматы әкімі бір күн бұрын қалаға вакцинаның 21 мыңнан астам дозасы жеткізілгенін айтты. Әзірге жаппай вакцина басталған жоқ. Халықтың кейбір топтарының арасында вакцина салынып жатыр. Сағынтаевтың айтуынша, сәуір айында 250 вакцинация пунктін орналастыру жоспарланып отырғанын айтты. 

"Біз дәрігерлерге, мұғалімдерге және полиция қызметкерлеріне наурыз айында вакцина салуды бастадық. Біздің қаладағы мектептерде, балабақшаларда 34 мың мұғалім бар. Оған қоса мұғалімдер жұмысшылар мен колледж оқытушылары да вакцинациялануда. Қазір қаладағы 55 емханадағы вакцина салу орындары жұмыс істейді. Күніне екі мыңнан артық адамға вакцина сала аламыз", - деді Сағынтаев.

Әкім вакцинаның маңыздылығын атап өтті. 

"Жалпы вакцинация әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді және карантиндік шектеулерді біртіндеп жеңілдетеді. Вакцина аурудың алдын алудың ең сенімді, тиімді шарасы болып табылады, яғни вакцина емдемейді, бірақ қорғайды", - дейді Бақытжан Сағынтаев.


Тоқаев түркі тілдес елдерді жаппай вакцинациялауға шақырды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр