Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Sulpak дүкенінің маңына сирек кездесетін 30 емен отырғызады

Алматыдағы Төле би көшесінің бойында Sulpak дүкені жанында кесілген ағаштар тобына жататын биіктігі кемінде 4 метр көпжылдық емендер отырғызылады. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұйымдастырған акция 26 қарашада қоғамдық белсенділер мен қала тұрғындарының қатысуымен өтеді.

Барлығы 30 емен отырғызылады. Бұл ретте ағаштарды отырғызу жоспарланған өтемақы жұмыстарының көлеміне енгізілмейді.

Наталья Ливинскаяның айтуынша, жасыл экономика басқармасы орындарды анықтап, көшеттерге өлшемдер мен талаптарды ұсынады. Жаңа типтік ережелерге сәйкес компания 260 ағаш отырғызып, екі жыл бойы оларға күтім жасауы керек.

"Алматылықтарды бізге және табиғат қорғау құрылымдарына Алматының жасыл қорын қадағалауға көмектесуге шақырамыз", - деп атап өтті ол.

Басқарма басшысы кәсіпкерлерге осындай бұзушылықтарға жол бермеуге кеңес берді.

Ол Sulpak-қа қатысты іс Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бақылауында екенін атап өтті.

Сонымен қатар Наталья Ливинская 1 желтоқсаннан бастап ведомство сайтта өз еркімен жасыл кеңістікті кесумен айналысатын компаниялардың рейтингін жариялай бастайтынын мәлімдеді. Жыл соңына дейін Жасыл комиссияның реформасы аяқталады, оған қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері, белсенділер мен БАҚ өкілдері енгізіледі.

Бұған қоса сарапшылармен бірге ағаштарды бағалау әдістемесі әзірленіп жатыр.

Еске салсақ, желі қолданушылары Sulpak компаниясы көпжылдық 11 ағашты түбімен кесіп тастағанын айтып, наразылық білдірген. Алматылықтар ағаштарды кесіп тастағаны үшін Sulpak-қа байкот жариялауға шақырған еді. 

Кейін дүкен жанындағы ағаштарды кесіп тастағандардың кім екені белгілі болды.

Барлығы 11 ағаш кесілген, оның тоғызы Қызыл кітапқа енген ағаштар.

Талқылау