Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сенсация жасады
Фото: fckairat.com
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында алматылық клуб сырт алаңда Шотландияның "Селтик" командасына қарсы ойнап, тең нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Селтик Парк" стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері басымдыққа ие болғанымен, қазақстандық футболшылар сауатты қорғанып, бірнеше қауіпті қарсы шабуылдар ұйымдастырды. "Қайраттың" соққан бір голы төреші тарапынан есепке алынбады.
Еуропалық басылымдар бұл нәтижені сенсация деп атап, "Селтиктің" өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмағанын және Қазақстан клубының айтарлықтай қарсылық көрсеткенін жазды.
Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Қос команданың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

