Алматылық ерлі-зайыпты ұлттық лотереяда 5 миллион теңге ұтып алды
Алматылық ерлі-зайыпты "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясына қатысып, 5 миллион теңге ұтып алды. Жеңімпаздар бұл қаражатты қалай пайдаланатынын айтып берді.
Ерлі-зайыпты Абдурашид пен оның жұбайы Нұржамал – жеті баланың ата-анасы. Абдурашид 10 жылдан бері түрлі лотереяға қатысып, бағын сынап келгенімен, осы уақытқа дейін ірі ұтысқа қол жеткізбеген. Алайда бұл жолы "3 Алмаз" лотереясынан 5 000 000 теңге ұтып алып, үлкен қуанышқа кенелді. Өзінің айтуына қарағанда, ол бұл қуанышты жаңалықты ең әуелі жұбайына хабарлаған.
“Жұбайым Нұржамал жұмыста еді. 5 миллион ұттым десем, сенбеді. Кейін шақырып алып, телефонымнан ұтыс туралы хабарламаны көрсеткеннен кейін ғана сенді”, – дейді Абдурашид.
Ал Нұржамал бұрын-соңды лотереяға қатысып көрмеген. Ол күйеуінің жылдар бойы билет сатып алып жүргенін білсе де, бұған сенімсіздікпен қарап келген. Ол мұндай лотереяларды “ақшаны босқа шашу” деп есептеген. Дегенмен осы сыйақыдан кейін ойы түбегейлі өзгерген.
“Үнемі көз алдымда қатысып отыратын. Шыны керек, бұрын "бұл ұтыстар шынымен бола ма? жақындары мен туыстарына береді ғой" деп күмәнданатынмын. Жолдасым 5000 теңгеге дейінгі билеттерді алатын. Мен оған "Оданша сол ақшаға керек зат алайық" деп жиі айтатынмын. Бірақ бүгін өз көзімізбен көрдік, шынымен ұтуға болады екен”, – дейді Нұржамал.
Абдурашид пен Нұржамал бұл ұтыс бүкіл отбасы үшін үлкен сый болғанын айтады. Олардың балалары да хабарды естіп, қатты қуаныпты. Енді олар бұл қаражатты үйдің жөндеу жұмыстарына немесе қаладан пәтер сатып алуға жұмсамақ.
“Бұған дейін "Сәтті Жұлдыздың" KENO мен LOTO 6/49 лотереяларына да жиі қатысып тұратынмын. Енді келешекте кейде көңіл-күйімді көтеру үшін лотереяға қатысуды жалғастыра беремін. Басқаларға да “қатысыңыздар, бақтарыңызды сынаңыздар” деймін. Сіздерге де ұтыс жұғысты болып қалар”, – дейді жеңімпаз.
"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина әрбір ұтыс қатысушылардың өміріне оң ықпал етіп, жақсы жаққа өзгерте алатынына шын жүректен қуанатынын жеткізді.
"Бұл – лотерея адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынының тағы бір дәлелі. Компания құрылған сәттен бастап 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін біз 1,08 трлн теңгеге лотерея билеттерін саттық. Осы кезеңде қатысушыларға 917,8 млрд теңгеден астам ұтыс төленді. Біз лотереяның әділ, ашық әрі адамдарға ерекше эмоциялар сыйлауы үшін бар күшімізді сала бермекпіз”, – дейді "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.
Айта кетейік, 22 маусымда “Сәтті Жұлдыздың” "Telebingo" тираждық лотереясы өтеді. Оған қатысатындардың пәтер ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жеңімпаз “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының YouTube арнасында және 31 арнада 11.00-де тікелей эфирде өтіп, жеңімпаз анықталады. Ұтыс билеттерінен түскен қаржының 10%-ы елдегі спорт саласын дамытуға, тағы 10%-ы “Қазақстан халқы” қорына аударылады.

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
